Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бес нәрсеге асық бол...» («Жеткіншектің Жеті Жарғысы»)
14
қараша
2023

Бес нәрсеге асық бол...» («Жеткіншектің Жеті Жарғысы»)

 2023 жылдың 14 қараша күні кітапханада «Оқуға құштар мектеп» жобасы жоспар бойынша жұмыстардың жүргізілуі, Бес нәрсеге асық бол...»  («Жеткіншектің Жеті Жарғысы»), (ЕЛ ЖАСТАРЫ БАҒДАРЛАМАСЫ) аясында 10 сынып оқушыларына LED экраннан танымдық сабақтар көрсетілді.
Мақсаты: Оқушыларға ұлы Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегі бес асыл қасиет: талап, терең ой, қанағат, рақым, еңбек жөніндегі кеңінен түсінік бере отырып ойлау қабілеттерін дамыту, адамгершілікке, инабатты болуға, еңбек сүйгіштікке баулу арқылы тәрбиелеу. Абайдың «Бес нәрсеге асық бол» даналық сөздерімен «Жеткіншектің жеті жарғысы» жобасын ұштастыра отырып, оқушыларды құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтық пен мемлекеттілікке ерте тәрбиелеу мақсатында жүзеге асырылады.
Жоба құқықтық сананы, құқықтық қатынастарды, белсенді заңды мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін, құқықтық мәдениетті қалыптастыратын адамға мақсатты, ұйымдасқан және жүйелі әсер етуді көздейді.
Оқушылармен бірге Абай атамыз айтқан жаман қасиеттерді өзіміз саралап көрдік. Сол кезеңде де бұл кезеңге де осы айтылған өлеңі ескірмей қолданылып келеді. Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ –дегеніміз бойдан аулақ ұстайтын қасиет. Осы жаман қасиеттерге қарама-қарсы Абай атамыздың өлеңдегі жақсы қасиеттеріне талдау жасадық. Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым осы қасиеттер бойымызда әр кез болса бізге ешқандай жаман қасиет жолай алмайды. Қорыта айтсақ жаман қасиеттерден аулақ болу, керек жақсы қасиеттерді бойымызға сіңіру тұлға ретінде өз міндетіміз. Адам алдымен өзін -өзі сыйлау арқылы өзгеге де өзін сыйлаттыра алады.