Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Тоғыз айға 9 іс-шара» тұжырымдамасы негізінде «АСЫҚ АТУ» челленджі өтті
17
қараша
2023

«Тоғыз айға 9 іс-шара» тұжырымдамасы негізінде «АСЫҚ АТУ» челленджі өтті

Бүгін 17 қараша № 205 жалпы білім беретін мектепте дене шынықтыру пәні мұғалімдердің ұйымдастыруымен  “Бес асық” және “Бес табан” жалпы ұлттық ойындар челленджі өтті.
  "Челлендждің мақсаты - білім алушыларды рухани-адамгершілік, эстетикалық, патриоттық бағытта тәрбиелеу, мәдени құндылықтарды сақтау және ұлттық ойындарды дәріптеу. 

Міндеттері:
 - қазақ халқының ұлттық ойындарын жаңғырту және насихаттау;
 - қазақ халқының ұлттық құндылықтарын қастерлеу;
 - оқушыларды асық ойынына баулу.

«Ұлттық ойындар – адамға қанат бітіріп, шабыттандыратын ғажайып сайыстар, ол денсаулықтың ғана емес, өмір үйлесімділігінің кепілі. Мәселен, асық ойнау баланың жүйке-бұлшықет жүйесін шынықтырады, дүниетанымын кеңейтеді, оның шапшаң қимылдауына әсер етеді, сондай-ақ көру қабілетін жақсартады.
 
Бұл акция өз елі үшін, халық құндылығы үшін мақтаныш сезімін қалыптастыруға, қазақ халқының мәдениеті мен тарихына қызығушылықты арттыруға 
бағытталған.

https://qazaq.today/togyz-ajga-9-is-shara-tuzhyrymdamasy-oqushylar-arasynda-asyq-atu-ojyny-otti/