20
қараша
2023
«Қорғансыздың күні» Мұхтар Әуезов
2023 жылдың 20 қараша күні кітапханада «Оқитын ұлт-оқуға құштар мектеп» жобасы аясында М.Әуезовтың «Қорғансыздың күні» кітабымен 10 сынып оқушыларымен әңгіме циклын өткіздік. LED экраннан танымдық сабақ көрсетіліп соңында оқушылар «Қорғансыздың күні» әңгімесіндегі кейіпкерлерге сипаттама беріп, қорғансыздар тақырыбына талдау жасады.
Мақсаты: Жазушының қорғансыздар тақырыбына жазған шығармаларына талдау жасау, кейіпкерлер дүниесіне сипаттама беру, жазушының тіл шеберлігіне бойлау; дамытушылық – оқушылардың ойлау қабілетін арттырып, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, құқықтық білімін кеңейту; тәрбиелік - қиянатшыл қатігездіктен жиренуге, мейірімділікке, рақымшылдыққа, имандылыққа тәрбиелеу.
Қазақ халқының мәдени даму тарихында жазушы, драмашы, публицист, зерттеуші, аудармашы әрі қоғам қайраткері Мұхтар Әуезовтің қазақ әдебиетінен алатын орны ерекше.
Мұхтар Әуезов – ауыз әдебиеті мен классикалық әдебиеттің, Батыс пен Шығыс көркемсөз мұрасының озық дәстүрін жете меңгеріп, қазіргі дәуірдегі қазақ әдебиетінің реалистік сапасын арттыруға, әдеби тілді байытуға ерен еңбек сіңірген ұлы жазушы. Автор әрбір шығармасында кейіпкердің ішкі жан – дүниесіне үңілумен қатар оның қоршаған ортаға деген қатынасын суреттеген.


