Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » № 205 ЖББ мектеп асханасы жаңа әдіспен оқушыларды тамақтандыруда
14
қазан
2022

№ 205 ЖББ мектеп асханасы жаңа әдіспен оқушыларды тамақтандыруда


КММсі № 205 жалпы білім беретін мектебінде оқушыларды жаңа әдіспен тамақтандыруда.  14.10.2022 ж күні мектебімізге қалалық білім басқарма басшысы Л.А Жылқыбаева бастаған бір топ білім саласының зиялы өкілдері сонымен қатар, қала әкімдігі аппаратының басшысы Алатау ауданы білім бөлімі басшысы Қ.М.Ақмурзаева мектеп асханасының тыныс тіршілігімен танысып кетті. Жаңа мектеп асханасының өзгешелігі ас тәрелкелерінің орнына Ланч-бокс қораптары арқылы оқушыларға түскі ас беріледі. Мектеп асханасында 630 орын 156 ас ішетін орын бар. Мектептің асханасының жұмысы талапқа сай ұйымдастырылған және жабдықталған. Сондай- ақ,  № 205 мектептің сында камералар орнатылған.  Бұл кез келген ата-ана балаларға тағамның қалай дайындалатынын, макеттің қалай жүрасханаіп жатқанын, ас үйдің тазалығын бақылай алады. Азық-түлік асхана аймағында беріледі, үстелдерге арбамен жеткізіледі және реттеледі. Бұл тәрелкелер мен стақандармен тасымалдап, таратудан гөрі жылдамырақ және ыңғайлы.  Сипаттамалары бойынша, қарапайым ыдыс-аяқтар мектеп тағамдары үшін тиімді емес. Шыны ыдыстарда сынық пен жарықтар бактериялар көбейетін орта болуы мүмкін. Түскі ас қорапшасы Ланч-бокс азық-түлікті тұтынуға барынша қауіпсіз болаттан жасалған. Бұл жапондық технология, мұндай ыдыс-аяқтар асханаларда 60 жылдан астам қолданылып келеді. Қораптар «ТОО Open Soul Inc» компаниясының тапсырысымен жасалды, бұл  әлеуметтік жауапкершілік  деп түсүнуге болады. Түскі ас қораптары жеңіл. Тамақтанып болған соң балалар оларды арнайы үстелдерге апарады. Уақыт үнемделеді сонымен қатар, әлдеқайда жылдам, тамақты суытпайды, тамақтың төгілмеуі, үстелдер таза болып қалауы оқушыларға ыңғайлы. Бұл қарапайым болып көрінеді, бірақ асхана қызметкерлері тағам мөлшерлерін ескере отырып, дұрыс салып орналастыруға, реттеуге, содан кейін лас ыдыстарды жинауға жылдам жұмыс жасалады, уақытты аз алады. Салауатты тағам, ыңғайлы ыдыс, жайлы асхана оқушыларымыздың сапалы білім алуына өте тиімді.