23
қараша
2023
"Болашаққа біліммен"
2023 жылдың 23 қараша күні кітапханада LED экран арқылы кітап оқуды дамытудың жаңа мүмкіндіктері «Kahoot ойыны» 11 сынып оқушыларымен ұйымдастырылды.
Мақсаты: Биік шыңдарға біліммен, танымдық белсенділікті арттырып, өз пікірлерін тұжырымдап айтуға, еркін сөйлеуге, өзіне сенімді болуға үйрету. «Kahoot ойыны» арқылы кітап оқудың маңыздылығы мен жаңа мүмкіндіктерін көрсету. Оқушылырдың ой – өрісін дамыту, танымдық қабілеттерін жетілдіру.
Адам баласы тек білім арқылы дүниені таниды, табиғаттың құпия сырларын ашады, ғылымды дамытады, техниканы өрістетеді, қоғамды ілгері бастырады. Білім арқылы өткен тарихын таниды, одан тағылым алады, болашағын болжап, келешегін белгілейді. «Ақыл жастан, асыл тастан» деген сөзді халқымыз жас толқынның болашағына үміт күткендіктен айтқан болар. Сондықтан ел алдындағы, аға ұрпақ алдындағы жауапкершілікті ұмытпау қажет.


