Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Адал ұстаз» аудандық байқау өтті.
01
желтоқсан
2023

«Адал ұстаз» аудандық байқау өтті.

Алматы қаласы Алатау ауданы білім беру ұйымдарының педагогтері арасында «Адал ұстаз» аудандық байқаудың  кезеңі өтті. Байқаудың мақсаты-білім беру ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік орта қалыптастыру тәжірибелерімен танысу; педагогтердің озық, инновациялық тәжірибесін анықтау және қолдау көрсету, педагог мәртебесін көтеру. Конкурсқа қатысқан педагогтер «Адал ұстаз, Заманауи мұғалім тұлғасы» тақырыбында эссе жазды.  Сонымен қатар, «Педагогикалық адалдық- кәсіби абырой» тақырыбындағы мұғалімнің кәсіби шығармашылығының тұжырымдамалық негіздерінің, әдістемелік және технологиялық құрылымымен таныстырды.  Байқау қорытындысы бойынша 1-орын №185ЖББМ Орынбаева Айдана Амангелдиевна ағылшын тілі пәні пәнінің мұғалімі иеленсе, 2-орынды  №205 ЖББМ Айтуар Алуа Зұлхарнайқызы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі және №204 ЖББМ Куанышбаев Камбар Талгатовичқазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі алды. Қалған қатысушылар 3-орынды місе тұтты.  

Анықтама жазған: ДТІЖО Ж.Т. Жетенова