05
желтоқсан
2023
«Дені сау ұрпақ–ел болашағы»
2023 жылдың 5 желтоқсан күні кітапханада «Дені сау ұрпақ–ел болашағы» тақырыбында оқушыларға LED экраннан бейнероликтер көрсетілді.
Мақсаты: Оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығы, өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық екендігін, дені сау ұрпақ ертеңгі елдің болашағы екендігін түсіндіру.
Денсаулық – жеке адамның басты байлығы. Денсаулық – адам тіршілігінің ең бірінші шарты. Бүгінгі дені сау ұрпақ – елдің ертеңгі жалғасы. Денсаулық деген сөз – денінің саулығы деген мағынаны білдіреді.
Қазақ халқында «бірінші байлық – денсаулық» деген мақал бар. Өйткені адамның дені сау болса, ойынға да, білімге де, еңбек етуге жағдайы болады. Салауатты өмір салтын ұстанып, оның ережелерін, шарттарын сақтауымыз керек. Салауатты өмір салты дегеніміз – денсаулықты сақтауға, жақсартуға бағытталған біздің әрекеттеріміз. Яғни дұрыс тамақтану, күн тәртібін сақтау, спортпен шұғылдану, уақытымен дәрігерге қаралу, темекі шекпеу, алкогольді және газды сусындарды пайдаланбау. Сонымен қатар, компьютер мен телефонды үзіліссіз қолдану, жатып қарау да денсаулыққа өте зиян. Егер адам күн тәртібін сақтамаса, яғни дұрыс уақытымен ұйықтамаса ол адамның жұмыс істеуіне кедергі болып, зейінін төмендетіп, үнемі шаршап,көңіл күйі жоқ болып келеді.


