Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мен – көшбасшымын!» атты екінші қалалық слеті өтті
08
желтоқсан
2023

«Мен – көшбасшымын!» атты екінші қалалық слеті өтті

2023 жылдың 8 желтоқсан күні «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы мектеп және студенттер парламенттері көшбасшыларының арасында «Мен – көшбасшымын!» атты екінші қалалық слетін өткізді.
✅Слеттің мақсаты: азаматтық қоғамды дамытуда қоғамдық өзін-өзі басқару органдарын – мектеп және студенттік парламенттерді дамыту және нығайту, қарым-қатынас жасау және тәжірибе алмасу үшін алаң құру.
✔️Пленарлық отырысқа қатысушылардың саны 300-ден асты (мектеп/студенттік парламент көшбасшылары, слет қонақтары, сараптама комиссиясының мүшелері, өзін-өзі басқару органдарының жұмысын үйлестірушілер), 5 баяндама ұсынылды.
💬Слетті Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» орталығының директоры Каримгажы Гулнур Нурлановна құттықтау сөзімен ашты.
🖇️Сонымен қатар шақырылған қонақтар және мектеп/студенттік парламенті көшбасшылары баяндама жасады: Кошмамбетов Айтуар Аскарович – «Respublica» партиясының Алматы қалалық филиалының төрағасы, Ауезов Быржан Бэкович – «Білім-инновация» лицейі оқушылар арасында кәсіптік бағдар ұйымдастырушы, Сағыныш Асылназ – Жоғары медициналық колледжінің 2 курс студенті, студенттік парламент президенті, Даулет Алихан – «Білім-инновация» лицейінің 11 оқушысы, мектеп парламентінің көшбасшысы.
🖌️Баяндамаларда қарастырылған мәселелер көшбасшылық, көшбасшыға тән қасиеттер, жетістікке жетудің қадамдары, мақсат қою және жоспарлау, мектеп/студенттік парламенттерін дамыту, өзін-өзі басқару қызметіне және нәтижеге жетуге әсер ететін факторларға байланысты болды. Мектебіміздің үздік оқушысы, «Өзін-өзі басқару ұйымының» Президенті 10 "Ә" сынып оқушысы Кубеева Сымбат аудандық кезеңінде жақсы өнер көрсетіп, қалалық кезеңге жолдама алды.  Алатау ауданы бойынша 10 оқушы қатарында «Мен – көшбасшымын!» атты екінші қалалық слетіне қатысты. Әр ауданнан келген мектеп Президенттері өздерінің әлеуметтік жобаларының көрмесін ұйымдастырып, басқа көшбасшылармен табысты тәжірибелерімен бөлісті. Бұл слеттің мектеп Президенттеріне берері көп болды.   [media=https://www.instagram.com/reel/C0nv3TGCS7v/?utm_source=ig_web_copy_link]