07
желтоқсан
2023
«Дағдарыс жағдайына ұшыраған мектеп оқушысына қалай көмек беруге болады»
2023 жылы 7 желтоқсан күні №205 ЖББМ 8-11 сынып оқушыларымен «Дағдарыс жағдайына ұшыраған мектеп оқушысына қалай көмек беруге болады» тақырыбында әлеуметтік педагог Төкебай Назыкен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мақсаты: жоғары сынып оқушыларына дағдарысқа ұшыраған жағдайда кімнен көмек күту керек және де кіммен өз мәселесімен бөлісу керек екендігі туралы мәліметтер беру арқылы түсіндіру. Оқушылар белсенді қатысып, өздерінің қызығушылықтарын танытты. Жүмыс соңында кері байланыс жасалып, оқушылар өздерінің ойларымен бөлісті.



