Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Біздің «ЖОҚ!» дегеніміздің маңызы!» қалалық әлеуметтік бастамалар жобасы
28
қараша
2022

«Біздің «ЖОҚ!» дегеніміздің маңызы!» қалалық әлеуметтік бастамалар жобасы

Бүгін қарашаның 28-і жұлдызы мектебіміздің белсенді оқушылары: Ахан Азамат 8«ә», Бағдатұлы Ернұр 9«ә», Атығай Аянат 8 «ә», Базарбай Айгерім 8«а» жетекшісі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Т. Жетенова аудандық «Біздің «ЖОҚ!» дегеніміздің маңызы!» қалалық әлеуметтік бастамалар жобасы «ЕЛ ЖАСТАРЫ» тәрбие бағдарламасын іске асыру шеңберінде аудан мектептері арасында өткізілген марафонға қатысып I  орынды иеленді. Қазіргі қоғамға ұлттық адамгершілік және жалпыадамзаттық құндылықтарды жетілдіруге, қоғамдық өмірде белсенділік танытуға және салауатты өмір салтын ынталандыруға байланысты идеялар мен жобаларды іске асыру бойынша тұрақты қозғалыс қажет.  Бастама-түзету, адамның тәуелсіз шешім қабылдауы,оның әлеуметтік белсенділігінің көрінісі. Әлеуметтік бастама-әлеуметтік маңызы бар идеяны ұсыну, бекіту, тарату және тәжірибелік іске асыру жөніндегі іс-қимылдар жиынтығы. «Біздің «ЖОҚ!» дегеніміздің маңызы!» қалалық әлеуметтік бастамалар жобасы адамның, азаматтың моральдық жане физикалық денсаулығына байланысты әлеуметтік бастамаларды мектеп пен жастардың өзін-өзі басқаруымен жетілдіру «маңызды». Осылайша, жобада: «Мектептің (жастардың) өзін-өзі басқаруы бойынша «Біздің «ЖОҚ!» дегеніміздің маңызы!» деген мағынада түсініктеме беруге болады» Жобаның мақсаты: мектептің өзін-өзі басқаруға қатысушыларды (жастарды) әлеуметтік бастамаларды әзірлеуге және қорғау үдерісіне барынша тарту, олардың әрқайсысында жан-жақты дамыған үйлесімді тұлғаны, бәсекеге қабілетті азаматты, олардың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру, қоғамның әлеуметтік кемшіліктерін қабылдамауға баулу. Жобаның міндеттері:  адамға, оның денсаулығына, жалпы қоғамға зиян келтіретін қоғамдық құбылыстарға қарсы тұру дағдыларын игеру;  әлеуметтік ақауларға тұрақты иммунитетті дамыту;  қатыгездік, немқұрайлылық, өзімшілдік, тәуелділік көріністеріне қарсы тұру. Әлеуметтік идеяны насихаттау белгілі бір әлеуметтік мәселені шешумен байланысты болады. Әлеуметтік мәселе қоғамда (қауымдастықта) шиеленіс тудыратын және ол еңсеруді көздеп отырған , қалаған мемлекет арасындағы қоғам өмірінде кездесетін қайшылық деп атауға болады.Әр топ жемқорлыққа қарсы іс-шаралар өткізіп, елімізді жемқорлыққа қарсы тұруда күш біріктіруге шақырды. Ұйымдастырылған шарада мектеп оқушылары мен ауданымыздың белсенді жастары сыбайлас жемқорлыққа қарсы өз ұрандарын, көрініс қойылымдарын және ұсыныс – пікірлерін білдіріп, алдағы уақытта да белсенділікпен қатысатындарын жеткізіп, «Жастар – сыбайлас жемқорлыққа қарсы» деп ұрандатып жастарымыз флешмоб өткізді, марафон аясында тағыда басқа көптеген шаралар өз жалғасын тапты.