Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Отанды қорғау – азаматтық борышың» атты патриоттық кездесу өтті.
12
желтоқсан
2023

«Отанды қорғау – азаматтық борышың» атты патриоттық кездесу өтті.

Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 12 желтоқсан күні сағат 11:00 де мектепте «Отанды қорғау – азаматтық борышың» атты патриоттық кездесу өтті. Оған 10-11 сынып оқушылары қатысты. АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ «ГЕРМАНИЯДАГЫ КЕНЕС ӘCКEPIНІҢ ТОБЫ МЕН ВАРШАВА КЕЛІСІМ ШАРТЫ ӘCКЕРІНІҢ ТОБЫ АРДАГЕРЛЕРІ: Ақтайлаков Айтбай Әлиұлы, Махмудов Рахимжан Садыкович, Азизов Абдурашит Абдукаримович келді. Кездесу барысында сөз алған ардагер Ақтайлаков Айтбай Әлиұлы  жастарға әскердің әлеуеті жайлы айтып берді. Сонымен қатар жиында әскери өмірдің қызығы мен қиындығы жайында да айтылды.  Шара барысында оқкшыларға осындай бейбіт, тыныш заманда тату-тәтті өмір сүріп жатқандығын,  тәуелсіздік ұғымының қашанда рөлі зор екендігін айтты. Ұлы бабаларымыз осы күнді аңсап, бүгінгі тәуелсіздік үшін қарап қалмай, қазақ даласының елі мен жерін қорғап, көптеген шайқастан өтіп, білектің күші, найзаның ұшымен жауды жығып, елдің еркіндігі, егемендікті аламыз деп баспаған тауы, көрмеген қиындығы жоқ. Тәуелсіздік – адамзат баласының аңсаған басты мұраттарының бірі, оны тұғырлы ету, тәуелсіздігімізді сақтау - жүрегі "елім" деп соғатын әрбір азаматтың парызы екенін барлық күш, жігер білімде екенін түсіндіріп өтті.