Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Ауған асуында от кешкендер" атты ардагерлерімен кездесу өтті
20
ақпан
2023

"Ауған асуында от кешкендер" атты ардагерлерімен кездесу өтті

Ауған соғысы Кеңес Одағы кезіндегі қайғылы тарихи оқиғалардың бірі. Биыл ақпанның 15-і күні Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен толықтай шыққанына 34 жыл толып отыр. Осыған орай №205 Жалпы білім беретін мектепте "Ауған асуында от кешкендер" атты ардагерлерімен кездесу кеші өтті. Кеш шымылдығын жастар мен өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие берудің ерекше үлгісін көрсетіп жүрген ардақты ардагерлеріміз –

Естаев Саят Рысбекұлы мен Саханов Бақытжан Жұмаханұлы сөз кезегімен ашты.

Кештің мақсаты – ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету, жат жерде көз жұмған жерлес азаматтарды еске алу және жастарға патриоттық тәрбие беру болып табылады.Соғыс майданында қаза тапқан жауынгерлерді 1 минут үнсіздікпен еске алынды. Оқушыларға бейнетаспа көрсетіліп,ардагерлеріміз Ауғанстандағы әскери қызметі туралы естеліктермен бөлісті.   Кездесу барысында білім алушылар қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Ардагерлер өз ойларымен бөлісіп қана қоймай, қазіргі жастарға бейбіт өмірді сақтауға, түрлі арандатушылыққа бой алдырмауға, Отанды қорғауға дайын болуға шақырды. Бұл кездесуде мектебіміздің жас жеткіншектері патриоттық өлең мен ән шырқап,күмбірлеген күйлерін тарту етті. Ардагерлеріміз жас буынға тәлім-тәрбие айтып, оқушылардың патриоттық рухын оятты. Бұл кездесуден оқушыларымыз ешқашан ұмытпастай тамаша әсер алып қайтты..

Жас буынға ауған ардагерлерінің өжеттігін үлгі ету, ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етіп, еске алу – біздің борышымыз!