Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Даналық мектебі” клубының қызметі ата-ана мәдениетін қалыптастыру
28
желтоқсан
2023

“Даналық мектебі” клубының қызметі ата-ана мәдениетін қалыптастыру

2023-2024 оқу жылында “Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы” нұсқаулық-әдістемелік хат негізінде “адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты” КЕАҚ ғылыми-әдістемелік кеңесінің шешіміне сәйкес” 2023-2024 оқу жылында мектепте «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» (әрі қарай Орталық) жұмысын жандандыру мақсатында ата -аналармен тығыз жұмыс жүргізілуде. Осы орайда мектептің 2023-2024 оқу жылына арналған жұмыс жоспарының негізінде 22 желтоқсан күні ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жоспарына сәйкес Ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі тақырыбында мектепішілік ата-аналар жиналысы болды. Мақсаты: бала тәрбиесіндегі мәдени құндылықтардың маңыздылығын көрсету. Жиналыста күн тәртібіндегі мәселелер қаралып, «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» жүргізіліп отырған жұмыстары туралы және “Даналық мектебі” клубының қызметі білім беру ұйымының позитивті ата-ана мәдениетін қалыптастыру және дамыту жөніндегі жұмысының ажырамас бөлігі екендігі туралы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Жетенова клуб қызметінен күтілетін нәтиже: позитивті ата-ана мәдениетін қалыптастыру және өскелең ұрпақты тәрбиелеудің өзекті мәселелерін шешу үшін аға ұрпақтың тәжірибесін табысты пайдалану екендігін айтып өтті.
Жиналыстың практикалық бөлігін мектеп-психолог А.Аукенова жүргізді, QR код арқылы ата-аналар сауалнамаға жауап берді. Жиналыс барысында ата аналарға өнерлі оқушыларымыз ән шашуын жолдап, ата-аналарлың педагогикалық мәдениетін, психологиялық және әлеуметтік құзіретін дамытуда ата-аналарға жүйелі педагогикалық қолдауды ұйымдастыру мақсатында құрылған бұл орталық нақты бағдарлама негізінде жұмысын мектеп диреторы Г.А.Даулетова талқылап, бала тәрбиесінде сынып жетекшілер мен ата-аналар бірлесе тығыз байланыста жұмыс істегенде ғана жетістікке қол жеткізетіндігі айтылып, қорытындыланды.