21
желтоқсан
2023
Шәкен Айманов 110 жыл
21 желтоқсан күні кітапханада Қазақ киносының саңлағы Шәкен Аймановтың туғанына 110 жыл толуына орай оқушыларға LED экраннан танымдық бейнероликтер көрсетілді.
Мақсаты: Қазақ киносының саңлағы, дарынды актер, кинорежиссер, Қазақстанның және КСРО-ның Халық әртісі Шәкен Аймановтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған ортасы, қызмет еткен орындары туралы рухани білім беру. Қазақ киносының негізін салушы екеніне көздерін жеткізу.
Шәкен Айманов 1914 жылы 15 ақпанда Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген. 1928 жылы орта мектепті бітіріп, 1931-1933 жж. Семей Қазақ ағарту институтында оқиды. 1933 жылы Алматы қаласына келіп, Қазақ драма театрының құрамына қабылданады. 1947-1951 жж. аталған театрдың бас режиссері болады. Театрдағы қызметі барысында актерлік шығармашылығын шыңдап, шеберлігімен көзге түсті.
Өз мамандығының хас шебері ретінде Шәкен Айманов өз кейіпкерлерін сомдағанда көзтартар іс-қимылдар жасаумен қатар, оның ішкі дүниесін ашуға тырысты. Театрдағы үздік рөлдері: Ақан сері, Қобыланды, Казанцев, Тихон, солдат Шадрин, Петруччио, Отелло.
1954 жылдан бастап режиссер болып, бірқатар фильмдерді түсірді. Режиссерлік қызметі барысында Айманов кинофильм мазмұнын жан-жақты ашып, ой толғамдарын қызықтырып, көркемдік жағынан суреттейтін.