Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мұхтар Әуезовтің «Қараш-Қараш оқиғасы»
24
ақпан
2023

Мұхтар Әуезовтің «Қараш-Қараш оқиғасы»



      2023 жылдың 24 ақпан күні №205 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында  «Оқитын ұлт-оқуға құштар мектеп» жобасы аясында  Мұхтар Әуезовтің «Қараш-Қараш оқиғасы» повесіне кітапхана меңгерушісі Ысқақова Жанат, кітапханашы Кожанова Жанар, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Қуанышбаева Камшатпен бірлесе отырып, 7ә -сынып оқушыларымен оқырман конференциясын өткіздік.

Конференцияның негізгі мақсаты,  жазушының әлемдік мәдениетке қосқан үлесі, оның өмірін келешек ұрпаққа үлгі ету және аталмыш хикаятының мазмұнымен таныстыру, шығарманың басты кейіпкері -Бақтығұл кім?

Өмірде болған адам ба? Деген сауалдарға жауап алу.

Іс-шара барысында оқиға желісіне жалпылама шолу жасалып, хикаятқа арқау болған басты кейіпкерлер образына талдаулар жасалды.

Іс-шара соңында ұлы жазушы М.Әуезов жайында мол ақпарат беретін  LED экраннан вертуалды видеолар, оқырмандар назарына ұсынылып, шолу жасалды.