Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
тамыз
2023

"Жазғы демалыс кітаппен"

"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында №205 жалпы білім беретін мектеп кітапханасы жазғы демалыс кезінде 1-4, 5-9, 10 (қазақ, орыс) сыныптар арасында "Жазғы  демалыс кітаппен"   тақырыбындағы түрлі іс-шараларды ұйымдастырды.

 «Facebook», «Instagram»,  парақшаларында – жазғы демалыс кезінде балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастырудағы бейнероликтер түсірілді.

Бейнероликтерде оқушылар оқыған кітаптарындағы өзіне ұнаған кейіпкердің суретін салды.

 Қызықты кітаптарымен естелікке фотосуретке түсті.

Оқыған кітаптарын сыныптастарымен бөлісіп, бір-бірііне кітап сыйлап, достарымен кітапты ауыстырып оқыды.

Мақсаты:  Оқушылардың  көркем  әдебиетті оқуға деген қызығушылықтарын  арттыру. Кейіпкерлер  бейнесін  анықтап, тануға  баулу.

"Жазғы демалыс кітаппен" тақырыбында  ерекше бейнероликтер мен фотосуреттер дайындаған «Ә» -сынып жетекшісі Жылқайдарова Гүлжанат апайға алғысымызды айтамыз.                                                                                                    

    «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» - деген еді Ғабит Мүсірепов. Бүгінгі таңда барлық адамзаттың алдында тұрған басты мақсаттарының бірі – білімді ұрпақ тәрбиелеу. Олай болса, біздің барлық  іс-әрекетіміз осы бағытта болу керек. Ал ұрпақ білімді қайдан алады. Әрине кітаптан.