29
қыркүйек
2022
Кітапхана. Іс-шара

№205 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында ү.ж 29 қыркүйек күні ағымдағы жылы елімізде жазушы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойының атап өтілуіне байланысты «Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойы» атты іс -шара ұйымдастырылды. Іс-шараға 9,10-сыныптар аралығында 60 оқушы қатысты.Мақсаты: Кітап арқылы саяхаттау ақынның шығармаларына оқушылардың қызығушылығын арттыру. Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның мол мұрасын насихаттау. Оқушының бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйетін сіңіру. Қанымызда бар шешен де тауып шебер сөйлеу мәдениетін ұрпақ бойынан көру. Ұлыларымызды құрметтеу, сол арқылы оқушы бойына мақтаныш сезімін тудыру, даналардың даралығын бағалау, қастерлей білуге баулу. Оқушыларға ақынның өмірі мен шығармашылығын таныстыру.
Іс шара барысында Шерхан Мұртазаның өмір жолы және оның туындылары айтылды.
Шерхан Мұртазаның- 90 жыл атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Оқушылар ақынның көптеген кітаптарымен танысты. Іс-шарада интерактивтік тақта,слайд қолданылды.