Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
қазан
2022

Кітапхана. Coworking






      Қазақстан Республикасының Президентінің 2020 жылғы 22 қазанда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында берген тапсырмаларын орындау мақсатында, балалар мен жасөспірімдерді кітап оқуға тарту, кітап оқуды насихаттау, және «Оқитын ұлт – оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру бағытындағы 2021-2025  жылдарға арналған Алатау ауданының білім бөлімінің іс- шаралар жоспарына сәйкес №205 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында Коворкинг орталығы  ұйымдастырылды.
       Орталықта 1 дана LED экран, 1 дана компьютер, 10 дана ноутбук, 16 дана вертуальды очки, электронды кітаптар, 12 дана пуфиктер мен ыңғайлы жиhаздармен  жабдықталған.
       Кітапханадағы коворкинг орталығына оқушылардың қызықушылығы өте жоғары. Оқушылар шашка, шахмат ойнап демалса, бір жағынан   іс-шараларға бірлесіп дайындалып бос уақыттарын тиімді пайдаланады. Сонымен бірге мұғалімдер де бос уақыттарында демалып, күнделікті сабақтарына дайындалады. Мұғалімдер мен оқушылар үшін біздің кітапханадағы Коворкинг орталығының маңызы зор.

Похожие публикации:

29 қыркүйек 2022 Кітапхана. Іс-шара
27 қыркүйек 2022 Кітапхана жетістігі
02 қыркүйек 2022 Кітапхана