Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Абайлаңыз балақай” акциясы аясында бастауыш сынып оқушыларына жолда жүру ережесі туралы түсіндірме жұмыстары
06
қазан
2025

“Абайлаңыз балақай” акциясы аясында бастауыш сынып оқушыларына жолда жүру ережесі туралы түсіндірме жұмыстары


“Абайлаңыз балақай” акциясы аясында бастауыш сынып оқушыларына жол ережесі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оқушыларға жол белгілері, жаяу жүргіншілер өткелі, бағдаршамның түстері мен маңызы туралы толық мағлұмат берілді. Сонымен қатар, күнделікті мектепке келу және қайту кезінде сақталуы тиіс қауіпсіздік ережелері айтылып, түрлі жағдаяттар бойынша мысалдар келтірілді.

Оқушылар белсенді қатысып, өздерінің көше қиылысында немесе жол бойында кездесетін жағдайлармен бөлісті. Тақырыпты бекіту мақсатында көрнекі бейнероликтер көрсетіліп, интерактивті сұрақ-жауап жүргізілді. Бұл түсіндірме жұмысы оқушылардың жолда жүру мәдениетін арттырып, қауіпсіздікке деген жауапкершілігін нығайтуға септігін тигізді.