Мектеп парламентінің Президентін сайлауы өтті
🏫 Мектеп парламенті Президентін сайлау туралы
30 қыркүйек 2025 жылы №205 жалпы білім беретін мектептің акт залында мектеп парламенті Президентін сайлау өтті.
Бұл маңызды шараға 10-сынып оқушыларынан 11 үміткер қатысып, өздерінің сайлауалды бағдарламаларын ұсынып, мектептің дамуы мен оқушылардың белсенділігін арттыруға бағытталған бастамаларымен бөлісті.
Сайлау барысында үміткерлердің бағдарламаларын мектептің бұрынғы парламент мүшелері, Президенті және 11-сынып оқушылары тыңдап, өз таңдауларын жасады.
Дауыстар нәтижесі бойынша ең көп дауыс жинаған 10 «Ә» сынып оқушысы – Ораз Бейбарыс мектеп парламентінің Президенті болып сайланды.
Оның орынбасары, вице-президент қызметіне 10 «В» сынып оқушысы – Дүйсенбек Алуа тағайындалды.
Қалған үміткерлер мектеп парламентінің белсенді мүшелігіне қабылданып, өз фракцияларына бөлінді.
Бұл сайлау – оқушылардың азаматтық жауапкершілігі мен көшбасшылық қабілеттерін арттыруға бағытталған маңызды қадам болды.
Алдағы уақытта жаңадан сайланған мектеп парламентіне сәттілік пен шығармашылық табыс, биік жетістіктер тілейміз! 🌟
