Ағаш отырғызу- атадан қалған мираc
Ағаш отырғызу- атадан қалған мираc
Табиғатты қорғау – кішкентай баладан бастап еңкейген қарттың мойнындағы міндет. Қазақта «артыңда мал қалғанша, тал қалсын» деген сөз бар. «Еліннің ұлы болсаң, еліңе жанын ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық мемлекетінің нығайып көркеюі үшін еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі екеніңді ұмытпа» -деп дана қазақ халқымыз айтқандай, Әрбір азамат өз туған жерін, өскен ортасын бірінші орынға қоюы керек. Шама шарқынша өз туған ауылының көркейіп, гүлденуіне көмектесуі керек. Қараша айының алғашқы апталарында Томирис ықшам ауданында есігін жаңа ашқан №205 жалпы білім беретін мектепте қамқоршы кеңесінің төрағасы Қалижанов Серік атамыз және ата - аналарымыз бірлесе отырып ерікті түрде мектеп ауласын көгалдандыру ат салысуда мектеп басшысы Даулетова Гүлнара Арыстановна мен дене шынықтыру пәні ұстаздары өз алтын ұя мектептеріне ағаш отырғызды. Игі шараның мақсаты - ағаш отырғызу, айналамызды көгалдандыру арқылы болашақ ұрпаққа табиғат анаға, күллі жаратылысқа деген ықыласын оятып, адам баласының табиғатпен үйлесімді түрде дамитынын тәрбиелеп отырған оқушыларымызға ұғындыру. Қоршаған ортаның жақсаруына өз үлесімізді қосу арқылы бала санасына жеткізу, табиғатқа сүйіспеншіліктерін баулу,туған қала экологиясына үлес қосу. Осы тұста мектеп алаңына отырғызылатын ағаштармен қамтамасыз еткені үшін мектебіміздің қамқоршы кеңесі төрағасы С.Қалижанов мырзаға ата аналарымыз Сабирова Зульфия Якуповна, Абилова Зульфат Эльбаевна, Каркунова Олеся,. Иманова Баян, Белова Юлия және тағы да басқа ата- аналарымызбен мектеп ұжымына үлкен алғысымызды айтамыз. Иә, «Атадан мал қалғанша, тал қалсын...» бұл бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеті. Халықтың денсаулығы мен ұрпақ болашағына оң әсерін тигізіп, туған ауылының көркеюіне үлес қосып, қалыс қалмау- әрбір азаматтың борышы.





