Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Томирис" жазғы демалыс лагерінің "Шаттық" отряды
28
мамыр
2024
"Томирис" жазғы демалыс лагерінің "Шаттық" отряды
Жазғы  демалыс уақыты  жыл бойына оқушының ең көп демалатын мерзімі, бос уақыты көп болады. Жазғы  демалыс уақытында баланың жыл бойындағы сабақ оқуынан шаршап қалғандығы білінеді, ол тынығып, күш жинап, денсаулығын нығайтып, шығармашылық жұмыс жасау қабілетін арттырады. Бұл шараларды балалардың күндіз келіп демалатын жазғы сауықтыру лагері іске асырады. 9:00 Балаларды қабылдау уақыты.  Балаларды қабылдап сыныбымызға кірдік.Ең бірінші амандасып алып,психологиялық атмосферамызды қалыптасырып
"Томирис" жазғы сауықтыру лагері  "Жұлдыз" тобы
28
мамыр
2024
"Томирис" жазғы сауықтыру лагері "Жұлдыз" тобы
"Томирис" жазғы сауықтыру лагерінде "Жұлдыз" отрядының балалары жеңілден күрделіге қарай "Айырмашылықты тап" әдісі арқылы әр түрлі суреттердің айырмашылықтарын  тауып, оны белгілеп көрсетіп, әдемі бояп өте әсерлі де қызықты жұмыс жасады. Балалар бұл әдіс арқылы миға шабуыл жасады, ойлау қабілеттері жақсарды. Өте қызықты болғаны сонша балалар жарысып, уақыттың қалай өткенін байқамады.
Мектеп жанынан ұйымдастырылған “Томирис”жазғы демалыс лагерінің ашылуы
27
мамыр
2024
Мектеп жанынан ұйымдастырылған “Томирис”жазғы демалыс лагерінің ашылуы
7.05.2024ж  Мектеп жанынан ұйымдастырылған “Томирис”жазғы демалыс лагерінің ашылуы болды. Лагерьге 1-4 сынып оқушылары қамтылды. Лагерьдің ашылуында мектеп оқушыларымыз өз өнерлерін көрсетті. Лагерь 27.05-07.06.2024 аралығында жұмыс жасайды.
№205 ЖББМ "Томирис" лагері
27
мамыр
2024
№205 ЖББМ "Томирис" лагері
27.05.2024 күні №205 Жалпы білім беретін мектеп жанындағы "Томирис" лагері өз жұмысын бастады. Оқушылар отрядтарға бөлініп, отрядтағы балалармен танысып, тәрбиешісімен танысып, өте риза болды. Соның ішінде "ЖҰЛДЫЗ" отрядының оқушылары өз тобымен және ұранымен танысып, оны жаттап, отряд символы жұлдыздың суретін өз қалауларымен салып, оны әдемі бояды. "ЖҰЛДЫЗ" отряды Ұраны: Жұлдыз тобы алға. Биіктерге самға, Достығымыз барда Жүреміз тек алға👍
«Мектебім, саған мың алғыс!» атты 11 сынып түлектеріне соңғы қоңырау
25
мамыр
2024
«Мектебім, саған мың алғыс!» атты 11 сынып түлектеріне соңғы қоңырау
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің № 05-05-4/3260 И 15.05.2024ж  оқу жылын қорытындылау бұйрығына сәйкес,  биыл мектептердегі оқу мерзімі 25 мамырда аяқталды.  Мектеп бітіруші түлектер үшін «Мектебім, саған мың алғыс!» тақырыбындағы мектеп бітірушілер іс-шарасы  25 мамырда сағат 9.30 –да  басталды. Салтанатты іс-шараның мақсаты:  Жастардың бойында жоғары әлеуметтік белсенділікті дамытуға жәрдемдесу, патриотизмге тәрбиелеу, белсенді өмірлік ұстаным мен бәсекеге қабілеттілік
«Білімім – Отаныма!»  бірыңғай  сынып сағаты
24
мамыр
2024
«Білімім – Отаныма!» бірыңғай сынып сағаты
Мектепе 24 мамырда 9.00-де бірмезгілде  «Білімім – Отаныма!»  жалпыреспубликалық бірыңғай тәрбие сағаты 1-10 сыныптар үшін 2023-2024 оқу-жылын қорытындылау өткізілді. 2023-2024 оқу-жылының қорытындысында өткізілетін тәрбие сағатының  мақсаты балаларды ұстаздарды құрметтеуге, білім ұясына қамқор болуға, білім алуға құштар болуға, жыл бойы алған білімінің нәтижесін қорытындылай білуге тәрбиелеу. Тәрбие сағаты Әнұранмен басталады. ҚР Оқу-ағарту министрінің жалпыреспубликаның білім алушыларына
№205 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында оқушылармен жазғы каникул қарсаңында «Мамыр – Ынтымақ айы» айлығы аясында «Демалыста кітап оқимыз» буккроссингін өткізуде.
24
мамыр
2024
№205 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында оқушылармен жазғы
№205 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында оқушылармен жазғы каникул қарсаңында «Мамыр – Ынтымақ айы» айлығы аясында «Демалыста кітап оқимыз» буккроссингін өткізуде. Буккроссингтің мақсаты: еліміз бойынша барлық мектеп оқушыларын кітап оқуға шақыру, кітап ұсынымдарымен бөлісу және жаңа әдебиеттерді ашу. @akmurzaevakarlygash @alatau_bilim_bolimi   https://www.instagram.com/reel/C7D3P3MMKjc/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA== 
"Оқу мен тәрбие егіз» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы
17
мамыр
2024
"Оқу мен тәрбие егіз» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы
Мектебімізде 17-мамыр күні «Оқу мен тәрбие егіз» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыста 2023-2024 оқу жылының оқу-тәрбие жұмыстары қорытындыланды. Мектеп директоры Г. Даулетова ана-аналарға бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі туралы кішігірім болса да, ой тастарлық бейне презентациялар арқылы ұл баланың және қыз баланың тәртіп, тәрбиесіне көңіл аударуын назарға салды.  Әлемнің екінші ұстазы әл-Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым
Алматы қаласы, Алатау ауданы №205 жалпы білім беретін мектепте «Қауіпсіз демалыс. Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері. Сел қаупі кезіндегі халықтың әрекеті» тақырыбында дәріс өткізілді.
17
мамыр
2024
Алматы қаласы, Алатау ауданы №205 жалпы білім беретін мектепте
Қалалық білім берудегі жаңа технололгиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қатысуымен Алматы қаласы, Алатау ауданы №205 жалпы білім беретін мектепте «Қауіпсіз демалыс. Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері. Сел қаупі кезіндегі халықтың әрекеті» тақырыбында дәріс өткізілді. Дәріс 17.05.2024ж. сағат 08-00-де 8-сыныптардың қатысуымен «Kenes» платформасында өтті. Мақсаты: оқушылардың демалыс барысында қауіпсіздік шараларын сақтауын қамтамасыз ету.
№205 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында оқушылармен жазғы каникул қарсаңында «Мамыр – Ынтымақ айы» айлығы аясында «Досыңа кітап сыйла» акциясы ұйымдастырылды.
16
мамыр
2024
№205 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында оқушылармен жазғы
№205 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында оқушылармен жазғы каникул қарсаңында «Мамыр – Ынтымақ айы» айлығы аясында «Досыңа кітап сыйла» акциясы ұйымдастырылды. Мақсаты: Еліміз бойынша барлық мектеп оқушыларын кітап оқуға шақыру, кітап ұсынымдарымен бөлісу және жаңа әдебиеттерді ашу. Акция барысында оқырмандар оқыған қызықты кітаптарын Буккроссинг сөресіне қойып, бір-бірлерімен бөлісті. Сонымен қатар көпшіліктің көңілінен шығар кітап қоры оқырмандарға ұсынылды. @akmurzaevakarlygash