Оқушылар жазба жұмысын жазды
25-қазан Республика күніне орай №205 жалпы білім беретін мектептің 7-сынып оқушылары жазба жұмысын (диктант) жазды. Диктанттың тақырыбы: Атамекен. Жазба жұмысын жазудағы мақсаты: оқушылардың бойына патриоттық сезімі мен ұлтжандық сезімін қалыптастыру. Отанына деген құрметін арттыру. Жазба жұмысын 7 «А», «Ә», «Б», «Ғ», «Е», «В», «Г», «Д» сыныптары жазды. Бұл жазба жұмысының өтілуіне жауапты ұстаздар: Баянова Ф.Е., Айтуар А.З. Жазба жұмысы тексеріліп, жақсы жазған оқушылар марапатталады.