20
қараша
2023
"Адал ұстаз" байқауы
Ұстаз болу – ұлағатты жолға қадам басу. Алдындағы шәкіртке білім беріп қана қоймай, бар білгенін бойына сіңіріп, болашаққа бағыт-бағдар сілтейтін бұл жолдағы жандар ғажап-ақ. Сондай ұстаздардың бірі де бірегейі, мектебіміздің мақтанышы Айтуар Алуа Зұлхарнайқызы деп білеміз. Күні кеше ғана, Алматы қаласы Алатау ауданының №205 жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің арасында"Адал ұстаз" атты байқауына қатысып, ерекше білгірлігімен көзге түскен ұстазымыз айтуар Алуа Зұлхарнайқызы жүлделі І орынға ие болып, аудандық кезеңге жолдама алды. Қыр-сыры мол, қиын да жауапты жолда Алуа Зұлхарнайқызына шығармашылық табыстар тілейміз!

