04
сәуір
2025
"Оқу және математикалық сауаттылық табысты синегрия" Республикалық байқауы!

Бұл байқауға Алматы қаласы математика пәні мұғалімдері арасынан #205 ЖББМ математика пәні мұғалімі Карагулова Гаухар Курманжановна барып, жұптық сайыстан Республика бойынша ІІ орын, топтық сайыстан ІІ орын иеленіп келді!
Гаухар КУРМАНЖАНОВНА байқау туралы ойын былай білдірген еді:
"2025 жылғы 3 сәуір – біз үшін тарихи күн. Елімізде алғаш рет ұйымдастырылған «Оқу & математикалық сауаттылық: табысты синергия» республикалық мегажоба өз мәресіне жетті. Жобаның идеясы алғаш рет Оқу-ағарту министрлігіндегі Орта білім комитеті мен оның басшысы Каныбек Жумашев мырзаның ұсынысымен басталды. Байқауды ұйымдастырушы "Зерделі ақыл-ой" орталығының директоры Ырысбек Мәуіш. Астана төріндегі Beeline Arena алаңына Қазақстанның түкпір-түкпірінен 200 үздік ұстаз – 100 қазақ тілі мен әдебиеті, 100 математика пәнінің мұғалімі жиналды. Бұл жай ғана жарыс емес – бұл ақыл-ой мен білімнің аламаны, интеллект пен креативтің тоғысы болды.Жобаның басты мақсаты – пәндерді бір-бірінен бөле-жармай, оқу және математикалық сауаттылықты біртұтас модель ретінде дамыту. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мырзаның өзі қатысып, мұғалімдердің кәсіби әлеуетін бағалап, мынандай маңызды шешім қабылдады:– Осы олимпиада жыл сайын жүйелі түрде өтетін болады.– Жеңімпаз команданың санаты бір сатыға жоғарылайды.– «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығы арқылы ресми түрде қолдау табады.– Келесі орын алған мұғалімдер де өз нәтижесін дәлелдей алса, осындай мүмкіндіктерге ие бола алады…
Бұл байқауға қатысып бағымды сынағаныма өте қуаныштымын! Керемет нәтиже! Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз! Алматы қаласы атынан барған команда мүшелері, сіздердің еңбектеріңіз зор! Иә, қандай күшті! Жарайсыздар! Сіздердің әр қайсыларыңыз Алматы қаламыз үшін аянбай еңбек етіп, тер төктіңіздер! Еңбектеріңіз еселеніп, қаламыздың үздік көшбасшысы болып жүре беріңіздер! Алматы педагогтарының абыройын көтердіңіздер!