11
қараша
2022
"Мен өмірді сүйемін" 8 сынып білім алушыларымен тренинг.

№205 жалпы білім беретін мектеп психологы Аукенова Айым 8 сынып білім алушыларымен жат қылықтың алдын-алу мақсатында «Мен өмірді сүйемін» атты тренинг өткізді.Мақсаты: білім алушыларға өмір ұғымын түсіндіре отырып, өмірде кездесетін әртүрлі жағдайлар туралы ақпарат беріп, жат-қылықтың алдын-алу.
Күтілетін нәтиже: білім алушылардың өмірге деген құштарлығын, қызығушылығын ояту.
Өткізілген күні: 08.11.2022 жыл
Тренинг жоспары.
1. Кіріспе сөз. Психолог сөзі.
2. «Ойланып көрейік» Постер қорғау.
3. «Өрмекші торы» жаттығуы.
4. «Көңілді шеңбер» жаттығуы . – өткізілді.
Тренинг барысында білім алушылар психологтың кеңестерін тыңдап, әр түрлі сұрақтарға жауап бере алды.
Білім алушылар топқа бөлініп, өздеріне берілген сұрақтарға бірлесе отырып жауап іздеп, постер қорғады. Әр топ өзінің өмірге деген қөзқарастарын білдіріп, ойларын ортаға салып бөлісті.
«Өрмекші торы» ойын-жаттығуы арқылы білім алушылар, бір-біріне тілектер тілеп, жақсы көңіл-күй сыйлай білді.
«Көңілді шеңбер» ойын-жаттығуының мақсаты білім алушылардың ынтмақтастығын арттырып, бірлесе жұмыс істеуге, сенімділіктерін арттыруға көмектесу. Осы ойын-жаттығулары нәтижесінде білім алушылар, көңілдері көтеріліп, жұмыла көтерген жүк жеңіл екендігін түсініп, сыныпта жақсы қарым-қатынас орната білді.
Қортындысы: Білім алушылар өмірдің мағынасын, өмір сүрудің мәнді екендігін, қандай қиындықтар кездессе де шешімі болатындығын түсінді. Сонымен қатар әр адам армандап, алдына мақсат қойып, сол мақсатқа жету үшін еңбектену қажет екендігін жете түсінді.