09
ақпан
2026
Ұстаздарға коучинг семинар. "Ерекше бала -ерекше көзқарас " "
№205 мектепте «Кемел шығармашыл тобы» «Ерекше бала – ерекше көзқарас» тақырыбында семинар-коучинг өткізді
№205 жалпы білім беретін мектепте «Кемел шығармашыл тобының» ұйымдастыруымен «Ерекше бала – ерекше көзқарас» тақырыбында семинар-коучинг өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – ерекше білімді қажет ететін оқушылармен жұмыс жүргізуде мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, инклюзивті білім беру аясында тиімді әдіс-тәсілдерді меңгерту және педагогтер арасында тәжірибе алмасу болды.
Семинар-коучингті мектеп психологы, мектеп логопед-дефектологы және бастауыш сынып мұғалімдері бірлесе ұйымдастырып, тәжірибелік бағытта өткізді. Қатысушыларға ерекше балалардың психологиялық ерекшеліктері, сөйлеу тіліндегі қиындықтар, оқыту мен тәрбиелеудегі жеке тәсілдер туралы мазмұнды ақпарат берілді.
Практикалық бөлімде инклюзивті ортада қолдануға болатын нақты әдіс-тәсілдер көрсетілді:
• саралап оқыту және жеке оқу тапсырмаларын бейімдеу;
• эмоционалдық қолдау көрсету тәсілдері;
• мінез-құлықты реттеуге арналған ойын элементтері;
• сөйлеу тілін дамытуға бағытталған логопедиялық жаттығулар;
• ата-анамен тиімді өзара әрекеттесу жолдары.
Семинар барысында кейстік тапсырмалар, топтық жұмыстар, пікір алмасу ұйымдастырылып, педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушылар ерекше балаға деген дұрыс көзқарастың қалыптасуы – мектеп ұжымының бірлескен жұмысына тікелей байланысты екенін атап өтті.
Іс-шара қорытындысында мұғалімдер семинар-коучингтің тәжірибелік маңызы жоғары екенін, алған әдіс-тәсілдерді күнделікті сабақ барысында қолдануға болатынын жеткізді. Семинар педагогтердің инклюзивті білім беру саласындағы кәсіби біліктілігін арттыруға және мектепте қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыруға ықпал етті.
