«Жамбыл Жабаев жүз жасаған бәйтерек» атты тәрбие сағаттары өткізілді.
21.02.2023 жылы Жыр алыбы- Жамбыл атамыздың туған күніне орай мектепте тәрбие сағаттары өтті. Мақсаты: Оқушылардың өткен сабақтарда жүз жасаған жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығынан алған мәліметтері бойынша білімі мен дағдыларын тексеру. Өлеңдерді мәнерлеп айтқыза отырып, олардың дұрыс сөйлей білу дағдыларын қалыптастыру. Жамбыл Жабаев шығармашылығының қазақ әдебиетіндегі алатын орны мен маңызын түсіндіру.Өлеңдерді мәнерлеп айтқыза отырып, олардың тіл мәдениетін, сөз байлығын, сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерін дамыту, есте сақтау қабілетін дамыту.
Оқушыларға Ж. Жабаевтың өлеңдерінің мазмұнын, тақырыбы мен негізгі ойын меңгерте отырып, олардың бойында қазақ халқына, қазақ тіліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру, оларға эстетикалық, патриоттық тәрбие беру.
Жоспарға сай құрылған «Жамбыл Жабаев жүз жасаған бәйтерек» атты тәрбие сағаттарын 5 «А»,5 «Ә»,5 «Б»,5 «Г»,5 «Д»,5 «Е»,6 «А»,6 «Ә»,7 «А»,7 «Ә»,7 «Б»,7 «Ғ»,8 «А», 8 «Б»,8 «Ғ»,8 «Д»,9 «А»,9 «Ә»,9 «В»10 «Б» сыныптары өткізді..Сынып сағаты барысында LED экраннан вертуалды видеолар,танымдық сабақтар көрсетілді.Оқушылар ақынның өлеңдерінен үзінділер оқыды. Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармалары туралы баяндама тыңдалып, «Домбыра»тақырыбына кластер құрады. Жамбыл атамыздың өз дауысымен сақталған аудиожазбаны тыңдады.






