Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ыстық тамақтың берілуі туралы зерделеу мониторингісі
09
қараша
2022

Ыстық тамақтың берілуі туралы зерделеу мониторингісі

Ыстық тамақтың берілуі туралы зерделеу мониторингісі









Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің  ДСМ - 76 негізінде құрылған тамақтандырудың сапасына мерзімдік бағалаудың,  бракераж  жүргізу жөнінде комиссия мүшелері және  Қамқоршылық кеңес мүшелерінің қатысуымен бірлескен түрде 2022 жылы    09  қараша күні мектеп асханасына ыстық тамақтың ұйымдастырылуы және берілуі жөнінде зерделеу жұмыстары жүргізілді. Зерделеу барысында комиссия мүшелері:

-1)Оқушылардың нақты тамақтану рационының күнделікті ас мәзірінің перспективалық ас мәзіріне сәйкес келуін;

2)Асханаға келіп түсетін тамақ өнімдерінің сапасына;

3)Отандық тамақ өндірушілердің тамақ өнімдеріне СТ- KZ сертификаттарының болуына;

4)Дайындалған тағамдардың сапасы,ас мәзірінде көрсетілген грамға сай берілуі;

5) Технологиялық жабдықтардың талапқа сай болуы;

6)Асхананың санитарлық- жағдайына тексеру жұмыстарын жүргізді.

7) Тиым салынған тағамдардың сатылымда болмауы

Зерделеу қорытындысы бойынша мектеп асханасының санитарлық- гигиеналық   жағдайы талапқа сай.  Асханаға кіре берісте қол жуатын раквиналар қол кептіретін құрылғы жұмыс жасап тұр. Сұйық сабын қойылған. Оқушылардың тамақтану, кезекшілік  кестесі  ілінген. Келіп түскен тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімі сертификаттармен салыстырылып қаралды.   Күнделікті ас мәзірі перспективалық ас мәзіріне сәйкес келді. Қоймадағы азық- түліктің сақталуы талапқа сай. Ас блогында аспазшы нақты ас мәзіріне сәйкес  дайын өнімнің тәуліктік сынамасын қалдырған. Сынама арнайы тоңазытқышта сақталған. Ас блогының қызметкерлері  арнайы киіммен қамтамасыз етілген.  Күнделікті мед.бақылаудан өтіп отыр. Қазақстан Республикасы  Денсаулық сақтау министрінің №76 бұйрығының  7 тарау 122 тармағының  9 қосымшасының  №1,№ 2 ,№ 3,№ 4 ,№5 нысандары бойынша журналдардың жауапты мамандар уақытында  толтырылып  отыр. Бракераж комиссия мүшелері аптасына 1 рет зерделеу жұмыстарын өз деңгейінде жүргізіп келеді. Алға қарай да жүйелі жұмыстар жалғасын табады.

Биылғы оқу жылының қыркүйек  айынан бастап   1-4 сынып  бойынша 646 оқушы арнайы  қалалық білім бөлімі бекіткен ас мәзірімен тегін тамақтану ұсынылды.  Оқушылардың тамақтануын  мектеп асханасы жалға алушы «ТОО Open Soul Inc» жалға алушы жүзеге асырады.

 Мектептің мед.бикесі асханадағы дайын және шикі тағамдарды алдын-ала бақылап, олардың санитарлық нормаларға сейкес екендігін журналға толтыру және оларды тұтынуға рұқсаттама беріледі. Оқушылардың тамақтанатын орындары мен әр бір балаға берілетін ыдыс жеткілікті. Ас мәзіріндегі өлшенген мөлшермен сұйық компот, шәй сәйкес келуін талап етілді. Мектеп асханасында жұмыс жасайтын жұмысшылардың барлығында санитарлық кітапшалары бар. Буфеттік тағамдардың дайындалу сапасы жақсы, ас мәзірі апта сайын өзгертіліп отырады. Тиым салынған тәтті сусын сатылымда болмауы туралы ескерту берілді. Ыстық тағамдардың сапасы жақсы, талапқа сай. Азық-түліктер күнделікті пісіріліп, мүмкіндігінше ертеңгі күнге қалдырмайды.

 Жалпы мектеп асханасында тамақтанудың гигенасы мен санитарлық нормалары сақталған және оқушылардың дұрыс тамақтануына барлық жағдайлар жасалған.


Асхана жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар:

1.Мектеп асханасына жеткізілетін тамақ өнімдерінің жарамдылығына, сапасына аса назар аудару.

2.Қоғамдық тамақтану мәзіріге сәйкес жүргізілуі.

3. Тиым салынған тағам түрлерін сатылымға шығаруға жол бермеу.

4. Арнайы қол жуатын орындарға сұйық сабын қойылуын назарға алу.

5. Асхананың жалпы жағдайын үнемі тазалықта ұстау.

6. Оқушыларға берілетін сусын (шәй, компот, кисел) мөлшері ас мәзірінде көрсетілген өлшемге сәйкес болуы қадағалансын. 

Комиссия мүшелері:


  1. Мектеп директоры Г.А Даулетова       
  2. Ж.Т Жетенова – ДТІЖО                            
  3. С.Қалижан – қамқоршы кеңесі                 
  4. Т.Таубазарова -мектеп мед.бикесі            
  5. Н.Жанат - әлеуметтік педагог                  
  6. Б. Хумарбек - ата ана                                 
  7. А.Қалабаева –бастауыш сынып мұғалімі 


    Анықтама жазған:             Ж.Т.Жетенова