Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Мектептегі білім сапасын арттыру: KPI — жаңа мүмкіндіктер мен әділ бағалау жүйесі
17
наурыз
2026

Мектептегі білім сапасын арттыру: KPI — жаңа мүмкіндіктер мен әділ бағалау жүйесі

 

 

 

 

 

 

2026 жылдың 16 наурыз күні Алматы қаласы, Алатау ауданы №205 жалпы білім беретін мектебінде директор жанындағы кеңесте «Мектептегі білім сапасын арттыру: KPI — жаңа мүмкіндіктер мен әділ бағалау жүйесі» тақырыбында таныстырылым өткізілді. Аталған бастама мектеп директоры Даулетова Гульнара Арыстановнаның ұсынысымен жүзеге асырылып, алдағы уақытта мектеп жұмысына енгізілмек.

KPI (Key Performance Indicator) — мұғалімдердің кәсіби қызметінің нәтижелілігін нақты көрсеткіштер арқылы бағалауға мүмкіндік беретін тиімді жүйе болып табылады. Бұл жүйе әр педагогтің жұмыс нәтижесін сандық көрсеткіштер негізінде бағалауға бағытталып, білім беру үдерісінде ашықтық пен әділдікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. KPI жүйесінің негізгі қағидаты – «көп жұмыс істеу емес, нәтижелі жұмыс істеу».

Жаңа жүйені енгізудің басты мақсаты – оқушылардың білім сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби дамуын қолдау және мектептің жалпы білім беру сапасын жүйелі түрде көтеру. Сонымен қатар бұл жүйе үздік мұғалімдерді анықтауға, педагогтердің өз жұмысындағы әлсіз тұстарын байқап, кәсіби тұрғыда жетілуіне мүмкіндік береді.

KPI жүйесі мектепте үш негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады:

  • Оқу үлгерімі – оқушылардың білім сапасы, БЖБ және ТЖБ нәтижелерінің динамикасы, ҰБТ немесе қорытынды аттестация көрсеткіштері, үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілген жұмыс нәтижелері;

  • Олимпиадалар мен ғылыми жобалар – пәндік олимпиадалардағы, ғылыми жобалар конкурстарындағы, дебаттар мен интеллектуалдық сайыстардағы оқушылар жетістіктері;

  • Кәсіби шеберлік – мұғалімдердің әдістемелік белсенділігі, ашық сабақтар мен шеберлік сыныптарын өткізуі, цифрлық технологияларды қолдануы, біліктілікті арттыру курстарынан өтуі және ғылыми-әдістемелік мақалалар жариялауы.

Аталған көрсеткіштер негізінде әр педагогтің жұмысы жүйелі түрде бағаланып, мектеп ішінде ашық әрі әділ рейтинг қалыптастырылады. Бұл тәсіл білім беру сапасын арттыруға, мұғалімдердің кәсіби мотивациясын күшейтуге және мектептің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.