"Отбасылық таланттар" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Отбасы - адам баласының алтын діңгегі. Ата - аналармен тығыз байланыс орнату, балаларды өнерге баулуда ынтымақтаса жүргізілген жұмыс, әрқашан нәтижелі болады. 22 қаңтар күні мектепте 5-8 сынып оқушылары мен "Отбасылық таланттар" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты:
Қазіргі заман талабына сай жанұядағы ата- ана мен баланың қарым- қатынасын адамгершілік тұрғыда нығайту,
Ата ана ролін ерекшелендіру, жас ұрпақты ата - баба дәстүрімен тәрбиелеу;
Ата - анамен байланысты нығайту. Бірін - бірі сыйлай білуге, қамқорлыққа, әдептілікке тәрбиелеу. Отбасы мүшелерінің айрықша талантын атап көрсету, мақтаныш ету, үлгі алу. Әрбір бала өз отбасындағы талантты, дарынды тұлғаларын сөз етіп, фотокөрме ұйымдастырды.
Ұсыныс: "Отбасылық таланттар" тақырыбында оқушыларды ата-анасымен бірлесе түрлі шараларға қатыстыру.
Анықтама жазған : ДТІЖО Ж.Жетенова
