24
қаңтар
2024
«Интернет орнына кітап»
2024 жылдың 24 қаңтар күні кітапханада «Интернет орнына кітап» тақырыбында 9 "Б" сынып оқушыларымен дебат өткізілді. Пікірсайыста оқушылар өз ойларын жоғары деңгейде жеткізе білді.
Мақсаты: Кітап пен интернет айырмашылығы жөнінде өскелең ұрпаққа жаңа технологияны меңгерте отырып кітаптың пайдасын насихаттап және оқырмандарды кітапханаға тарта отырып «Интернет орнына кітап» оқушылар арасында пікірсайыс өткізу.
Кітап біздің рухани құндылығымыз, теңдесі жоқ байлығымыз, ал интернет жаңа жаhандық ақпараттық даму технологиясы болып табылады. Кітап - адам өміріндегі ең қажетті құндылық және ондағы білімді заман талабына сай жүйе арқылы бойымызға сіңіріп, сол арқылы өз-өзімізді тәрбиелей аламыз. Әрине ғаламтор –заман талабы, ал кітап- біздің рухани байлығымыз.
Ғасыр көші ілгері жылжып, тарих беттері қалыңдағанымен адамзаттың кітапқа деген құрметі, пейіл-ықыласы ортаймасы керек. «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге»,- деген Абай атамыз «Кітап атты құдіреттің ғажайып күшін бойына жинап, өмірлік азық етпеп пе еді?! Бүгінгі күні теледидар, компьютер, интернет үлкен рөльге ие болып отырған уақытта кітап оқудың сиреп бара жатқаны ащы да болса шындық. Сондықтан, кітапты насихаттаудың түрлі формалары мен әдістерін пайдаланып, оқырмандардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру бағытында жұмыс жүргізудеміз.

