“Қыз намысы-ұлт намысы” тақырыбында қыздар жиналысы өтті.
Біртұтас тәрбие бағдарламасының аясында Жеңге мектебінің "Инабат" қыздар ұйымының жетекшілері: Ә Кененова және М.Кистаубаева қаңтар айындағы жоспарына сәйкес "Қыз намысы - ұлт намысы" тақырыбында қыздар жиналысы өткізді.
Мақсаты:
-қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т.б жан-жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу;
– оқушылардың ойлау, есте сақтау, танымдық қасиеттерін дамыту.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Жетенова қыздарға тазалық, тәртіп, тағы басқа мәселелер туралы мәлімдеме жасады.
Мектеп медбикесі Т.Таубазароваа жеке бас гигиенасы, ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеу жайлы өз ақыл-кеңестерін жеткізсе, мектеп психологы А.Аукенова қыздарға психологиялық кеңестерін беріп, 1 ай уақыт ішінде орындау Кемел Тоқаевтың "Әке туралы ой" кітабын оқуға тапсырма берсе, жеңге мектебінің жетекшісі Ә.Кененова фильм көруге және армандар картасын жасауды ұсынды. Берілген тапсырмалардың нәтижесі шығарылып, марапаттау жүргізілетін болады.
Жиналысымызға мектебіміздің белсенді,үлгілі ата-анасы Рахат Майра қатысып, қыздарымызға өзінің ақыл-кеңестерін айтты. Қыз тәрбиесінің маңызын түсіндіріп,жақсы тілектер айтты.
Анықтама жазған: ДТІЖО Ж.Т.Жетенова


