Қыздар жиналысы ұйымдастырылып өткізілді.
2023 жылдың сәуір айының 14 күні мектепте орта буын сыныптарының жалпы қыздар жиналысы өтті.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1) Мектептегі жасөспірімдер арасындағы әлімжеттік жайлы жалпы түсінік пен алдын алу;
2) Қыз балаға тән этикалық қарым-қатынас пен мәдениеттілік;
3) Мектеп формасын сақтау, жеке бас гигиенасы;
4)Ағымдағы мәселелер қарастырылып, талқыланды.
Мақсаты: қыздарды тәрбиелі, білімді, өнерлі боп өсуге, қыз баланың гигиеналық тазалықты дұрыс және күнделікті сақтауға үйрету, өз бойларын, ойын дөрекіліктен сақтандыру, инабатты болып өсуге баулу.
Әрбір елдің өміріндегі шешуші кілт - қыздарға берілетін тәлім мен тәрбие арқылы өлшенеді. «Қыз» деген сөздің өзі әдеміліктің, әдептіліктің, жан-жақты сұлулықтың символы ретінде қолданылады. Бұл қыз баланың айырықша әдепті де, көрікті болатынын аңғартады. Жиналыста қыздардың тәртібі, сабаққа қатысуы, мектеп формасы, жасөспірімдер арасындағы әлім жеттіктітің алдын – алу, QR код, сенім жәшігі және сенім телефондары жайлы айтылды.
Қатысқандар: тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Ж.Б.Амангельдинова мен Ж.Жетенова, сынып жетекшілері және мектеп медбикесі Т.Таубазарова. Жиналыста мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Жетенова мектеп формасының сақталуы күнделікті ұқыптылықты ұстану мен мектептің ішкі талаптары туралы және қыздардың бойына тән инабаттылық пен тазалық туралы сөз қозғады. Қыздар гигиенасы, тазалықты қалай ұстану керектігі туралы, қыз балалар бойындағы өзгерулер, сол кездерде өздеріне қалай қалай қарау керектігі жөнінде мектеп мед бикесі түсіндіріп өтті. Шара барысында директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Б.Амангельдиева ұялы телефонның зияны туралы айтты. қыздар арасындағы тәртіп бұзушылықты болдырмау оның алдын алу жолдары туралы ескертілді.
Қыз бала тәрбиесі бүкіл бір ұлттың тәрбиесі екенін ескерсек, қазіргі таңдағы қыз балалар арасындағы келеңсіз жағдайлар, құқық бұзушылықтар, т.б қоғамдағы бірқатар мәселелер көңіл көншітерлік емес. Сол бағытта мектебімізде жыл басынан бері жоспар құрылып, сабақтан тыс уақытта олардың қабілеті мен ішкі қажеттілігін қамтамасыз ететін іс-әрекеттерді ұйымдастыру көзделеді. Соған сай олардың қабілетін ашуға мүмкіндік туғызатын спорт, дене еңбегі, қолөнер, көркемөнер, би, домбыра тіл үйрену шығармашылық т.б. іс-әрекетке үйрету үйірмелері ұйымдастырылады. Мектепте ұйымдастырылатын iс-шаралар әр қыз баланың дүниетанымын қалыптастыру, өмір жайындағы түсінiгiн кеңейтудi көздеп, жеке басына тән қасиетi мен қабілетiн ескере отырып жүргiзiлуде.
Анықтама жазған: ДТІЖО Ж.Т. Жетенова



