Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қыз қылығымен көрікті». «Между нами девочками». 8, 9, 10 сынып қыздары
23
қараша
2022

«Қыз қылығымен көрікті». «Между нами девочками». 8, 9, 10 сынып қыздары

№205 жалпы білім беретін мектептің 8,9,10 сынып қыздарына Мектеп психологтары Аукенова А.Е, Нияз.У.Т , ДТІЖО Жетенова Ж.Т және мектеп медбикесі Албазарова Т.Қ бірлесе  отырып «Қыз қылығымен көрікті», «Между нами девочками» тақырыбында кездесу ұйымдастырды. 

Мақсаты: Қыздармен әңгімелесе отырып, ар - намысын,  сұлулығын жоғары қоя біліп, жұрт алдында абыройлы болуға тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту, зиянды әрекеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерту.

Бұл кездесуге «Өрлеу» жастар орталығының гинеколог маманы Мухамеджанова Г.М мен психолог маманы  Толегенова А.О келіп қыз балаларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесуде жоспар бойынша бірнеше мәселелер қарастырылды: 

                                           1.Жеке бас гигиенасы

                                             2.Дұрыс тамақтану

                                             3.Денсаулықты күту және тағы басқа да мәселелер айтылды және кері байланыс алынды. Қыздардың толғандырып жүрген сұрақтарына гинеколог маман Мухамеджанова Г.М жауап бере отырып, қойылған сұрақтарға байланысты кеңестерін айтты. Қоғамда қыз бала тәрбиесінде жіберіліп жатқан олқы тұстарды тілге тиек ете отырып, қыздардың тән мен ар тазалығы туралы түсіндіріп, бесігінде жақсы тәрбие алған қыз бала ертеңгі ана екендігін еске салды. Мектеп психологы А.Аукенова мектеп жасындағы қыз балалардың тағдыры жөнінде тағылымды ақпарат беріп, қыздардың сырласы анасы болғандықтан, анасынан ешқандай сыр жасырмау керек екендігін баса айтты. Сонымен қатар қыздардың кешкі уақытта үйден шықпауын, интернет желісінде түрлі әлеуметтік желілерде отырмауын тапсырып, кеңестерін берді. Мұнан соң сөз алған мектеп медбикесі Т.Таубазарова қыздар арасындағы ерте жүктіліктің салдары, денсаулыққа зияны, өмірге қауіптілігі туралы ауқымды әңгіме жүргізіп, қыздардың жеке бас гигиенасы, тазалығы жайлы түсіндірме жұмыстарын жасады.