Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Менің үйімдегі кітаптар»
29
қаңтар
2024

«Менің үйімдегі кітаптар»

WhatsApp Video 2024-01-26 at 23.10.02.mp4 
WhatsApp Video 2024-01-24 at 19.40.45.mp4 
WhatsApp Video 2024-01-25 at 06.36.56.mp4 
WhatsApp Video 2024-01-25 at 09.48.27.mp4
2024 жылдың 26-29 қаңтар күндері аралығында кітапханашылардың ұйымдастыруымен «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Менің үйімдегі кітаптар» тақырыбында оқушылар мен ата-аналар үйдегі отбасылық кітапханасындағы көркем әдебиеттермен таныстырған бейнероликтер дайындады. 
Мақсаты: Кітап-сарқылмас рухани қазына дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Оқулықтарын күтіп ұстауға үйрету.
Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі - білім қазынасы. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. "Кітап дегеніміз - алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік", - деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітап таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсерді өмір қажетіне жарата білу - әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі.