05
қазан
2023
«Оқулығыңның жайы қалай?»
2023 жылы 2 – 4 қазан күні аралығында мектеп кітапханасының 2023-2024 оқу жылына арналған жылдық жоспарына сәйкес 1-11 сыныптар бойынша «Оқулығыңның жайы қалай?» тақырыпта рейд жүргізілді. Мақсаты: Оқушыларды оқулықты құрметтей білуге, кітапты ұқыпты ұстауға баулу, оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Кітаптың адам өміріндегі орны туралы түсінік беру. Кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Оқулықтарын күтіп ұстауға үйрету.
Рейд кезінде жоғарғы сынып бойынша оқулықтардың ұстап-тұтылу жағдайына келетін болсақ, сыныптарда екі-үш оқушыдан кітап толық қапталмаған. Ал бастауыш сынып оқушыларының кітапты ұстап-тұтылуы бір жолға қойылған.
Оқулықтарын жақсы күйде ұстап, ерекше көзге түскен сынып оқушыларды, басқа сынып оқушыларына үлгі болсын деген мақсатпен мектеп сайтына суреттерін де жариялап отырмыз. Атап айтсақ: 9 «Г» сынып оқушыларының күнделікті сабақта өтілетін оқулықтары түгелдей қапталған, кітаптың парақтары тап-таза. Бір ауыз сөзбен айтқанда, ұқыпты оқушының – оқулығы да ұқыпты. 9 «Г» сынып жетекшісі Жұмалы Әсия Амангелдіқызына және 4 «Ә» сынып жетекшісі Берикболова Айсулу Берикболқызына алғысымызды айтамыз.
Кітабыңның әр бетін, - деп Мұзафар Әлімбаев атамыз жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар сендерге білім көзі, рухани қазына. Біз кітап арқылы бастауыш мектептің өзінде-ақ бүкіл адамзат өмірімен танысамыз. Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп үлгі-өнеге мен тәрбие аламыз!
Кітап – араб сөзі, «жазба, ал түрікше «дәптер, мерзімді баспасөз басылымы» деген мағынаны білдіреді. Кітап-ғылым, ол бүкіл адам баласына ортақ. Кітап-ғылым, білім жемісін халық арасына жаюшы, таратушы. Кітап-ақылдың кені. Кітап-бар білімнің бастауы. Кітап-барлық заманда да білім қазынасының ғажайып қоймасы.
Қорыта айтқанда, Құрметті сынып жетекшілер! Қолдағы оқулық төрт жылда баспадан жаңарып шығатынын ескерсек, оқушыларымыздың мектеп оқулығын күтіп ұстауына күнделікті көңіл аударсақ, әр оқушының оқулыққа деген жауапкершілігі қалыптасады.