Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жыр жүйрігі – Мұқағали Мақатаев туған күніне орай тәрбие сағаттары
06
ақпан
2024

Жыр жүйрігі – Мұқағали Мақатаев туған күніне орай тәрбие сағаттары

Алатау ауданы, №205 жалпы білім беретін мектепте бастауыш сынып оқушыларымен, орта буын сынбының оқушылары Мұқағали Мақатаевтың 93 жасқа толуына байланысты «Мұқағали Мақатаев - ХХІ ғасыр ақыны »,«Мұқағали- мәңгілік ғұмыр»   атты  тәрбие сағаттары болып өтті. Мақсаты: оқушыларды қазақтың лирик, мұзбалақ ақыны, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын атанған Мұқағали бейнесімен таныстыру, дамытушылық: Оқушының шығармашылық ізденісін қалыптастыру. Ашық тәрбие сағаты барысында оұушыларды отанды, туған жерді сүюге, ақын жырларынан үлгі алуға, оқушыларды поэзияны сүйе отырып, сұлулық пен махаббатты тануға, адамгершілік пен мейірімділік қасиеттерін өз бойларына сіңіре білуіді үйретілді. Сонымен қатар, халқына қалдырған шоқтығы биік туындыларына шәкірт жүрегінде сүйіспеншілік сезімін оятып, үлгі алуға, құрметтеуге тәрбиеленді. Тәрбие сағатында оқушылар ақиық ақынның өлендерін мәнерлеп оқып, әндерін шырқады.