Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым»
04
желтоқсан
2023

Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым»

2023 жылдың 4 желтоқсан күні кітапханада «Оқитын ұлт-оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 9 сынып бойынша оқушылар арасында Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» атты   өлеңдерін мәнерлеп оқудан  байқау өткізілді.                       
Мақсаты: Оқушыларды қазақ ақыны, біртуар тұлғаларының бірі-Мұқағали Мақатаевтың бай шығармашылығымен таныстырып, жас буынды поэзияға, қазақ әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру. Отанын, туған жерін сүюге, ақын жырланынан үлгі алуға, поэзияға сүйене отырып сұлулық пен махаббатты тануға, адамгершілік пен мейірімділік қасиеттерін өз бойларына сіңіре білуге тәрбиелеу.
М.Мақатавтің қаламынан «Қарылғашым келдің бе?», «Дариға жүрек», «Аққулар ұйықтағанда», «Шуағым менің», «Өмір-дастан» т.б жинақтары және «Қош махаббат», «Өмір-өзен», «Соғады жүрек», «Шолпан» т.б  жыр кітаптары бар. Халықтың салт-дәстүрі мен тұрмыс тіршілігін, қазақы ауыл тірлігін сезімталдықпен жырлаған ақынның бірі – Мұқағали Мақатаев.
Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым» атты ақынның жүрекке жеткен өлеңдерін мәнерлеп оқудан ерекше өнер көрсеткендігі үшін 9«Ә» сынып оқушысы Артықпай Бекзат I орын, 9«А» сынып оқушысы Базарбай Айгерім II орын, 9«Ә» сынып оқушысы Жұмаділ Айдана III орын иеленді.