15
ақпан
2024
Сәкен Жүнісовтың туғанына 90 жыл
2024 жылдың 15 ақпан күні кітапханада Қазақстанның халық жазушысы, драматург Сәкен Жүнісовтың туғанына 90 жыл толуына орай оқушылармен танымдық сағаттар өткізілді.
LED экраннан Cәкен Жүнісовтың өмірбаяны, қызметі жайында бейнематериалдар көрсетілді.
Мақсаты: Оқушыларды Сәкен Жүнісовтің өмірі мен шығармашылық жолымен таныстыру.
Сәкен Жүнісов жан-жақты, ақылды, өнердің түрлі саласынан өзін танытқан тұлға. Ол өлең жазған, ән айтқан, домбыра ойнаған, сурет салған.
Әдебиет майталманы елдегі мәселеге еш уақытта бейжай қарамаған. Өз заманында ол мансап пен атаққа қызықпаған. Жоғары шенге қашан да өзін емес, оған лайықты өзге адамдарды ұсынған, өйткені халық перзенті әрдайым әділдік пен адалдықты ту еткен шыншыл тұлға болды.
Сәкен сері өз заманындағы әділетсіздікті туындыларына арқау етіп, көрсете білген. Оның ұлттық өнерге, салт-дәстүрге, елге, жерге, ана тілге деген махаббаты «ЖаҺандағы жалғыз үй», «Ақан сері» романдары мен «Заманай мен Аманай» повесі сияқты үш ірі туындысынан байқалады.
Дүниетанымы кең және философиялық топшылау деңгейі жоғары қаламгер жастар өміріне көбірек ден қойды. Сәкен Жүнісов сияқты қазақ халқының біртуар тұлғалары қазіргі жастар үшін үлгі болып табылады. Қазіргі ұрпақ адалдықтың ақ жолымен жүріп, халық перзенттерінен ұлтын сүюді, еліне адал қызмет қылуды үйренсе, келешегіміз кемел, болашағымыз жарқын болары сөзсіз.