Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2023-2024 оқу жылындағы оқушылардың ҰБТ-ға дайындығы туралы ата-аналар жиналысы
20
желтоқсан
2023

2023-2024 оқу жылындағы оқушылардың ҰБТ-ға дайындығы туралы ата-аналар жиналысы

2023-2024 оқу жылындағы оқушылардың ҰБТ-ға дайындығы туралы ата-аналар жиналысы
  2023  жылдың 19  желтоқсанында 11 сынып оқушыларының ата-аналарымен Ұлттық Біріңғай Тестілеуді өткізудің ерекшеліктері мен дайындық жұмыстарын бақылау  мақсатында ата-аналар жиналысы өткізілді.  Мектеп директоры Г.А.Даулетова ҰБТ- жоғары және (немесе)  жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір нысаны екенін түсіндіре келе ҰБТ  ережелерімен нұсқаулықтарымен таныстырды.  Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Н.Ж.Жұбанова оқушыларға ҰБТ нәтижелерін салыстырмалы түрде көрсете отырып, жаңа оқу жылындағы  бірқатар өзгерістерді атап өтті. ҰБТ-ға дайындық мәселелері жөнінде ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді.  Мектепшілік қыркүйек, қазан , қараша , желтоқсан айларындағы алынған тест сынама жұмыстарының нәтижелерін талдап, салыстырмалы түрде  көрсетті. Сынып жетекшілер мен пән мұғалімдері де жиналысқа қатысып, әр оқушыға тоқталып, ата-аналарға балаларының көрсеткіштерін талдап, саралап айтты. Алдағы уақыттада ҰБТ  дайындық мақсатында бірнеше тест сынама жұмыстарын алып, талдап, жеке оқушылармен жұмыстар жүргізілетіндігін атап өтті.