Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Озат тәжірибе-ортақ іс» атты педагогикалық іс-тәжірибе алаңын құруға арналған мектепішілік педагогикалық конкурсы басталды.
12
қаңтар
2024

«Озат тәжірибе-ортақ іс» атты педагогикалық іс-тәжірибе алаңын құруға арналған мектепішілік педагогикалық конкурсы басталды.

Алматы қаласы Алатау  ауданы  №  205   жалпы білім беретін мектепте 12 қаңтар күні  «Озат тәжірибе-ортақ іс» атты педагогикалық іс-тәжірибе алаңын құруға арналған мектепішілік  педагогикалық конкурсы басталды. Конкурс шығармашыл ұстаздардың жас мамандарға, нәтижелі жұмыстарын көрсетіп, өз тәжірибелерімен бөлісу мақсатында ұйымдастырылды. Конкурсты директордың оқу ісі жөніндегі  орынбасары Жұбанова Нұргүл Жолдыбайқызы ұйымдастырып, тәжірибе алаңындағы шығармашыл ұстаздарға  кесте жасап, әкімшілік мүшесінің топ басшылығымен 15 топқа бөліп, топ бойынша нәтижелі жұмысты бастап берді.
Конкурстың мақсаты – өз тәжірибесіне жоғары кәсіби маңызға ие инновациялық бағдарламалар мен технологияларды енгізетін мұғалімдерді анықтау, зерделеу, кәсіби тәжірибесіне қолдау көрсету, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер туралы қоғамдық пікірді қалыптастыру, жас мамандарға үлгі көрсету.
Конкурс үш кезеңнен тұрады. 
1-кезең. Таныстыру «Менің креативті ойым»
2-кезең. Ашық сабақ  «Менің педагогикалық идеям»
3-кезең. Шығармашылық жұмыс «Менің шығармашылығым...» 
Алғашқы кезең бойынша аталған ұстаздар  креативті оймен таныстыру кезеңіне қатысып, өздерінің портфолиясын қорғап, ұстаздық жолдары мен шығармашылық жұмыстарын көрсетіп  өтті. Бұл конкурсқа еңбек өтілі 10 жылдан асқан зерттеуші, эксперт , модератор категориясы бар мамандар топтасқан.  Үш кезеңге  әділ-қазы  алқасы мүшелігіне Молдакулова Жупархан Турсиновна, Бикенов Чингис Маратович, Абдрахпанова Алуа Бекбосыновна, Жетенова Жанна Тлеубаевна, Сальмен Шыңғыс Маликович, Аманкелдиева Жанна Бахитжановна критерий бойынша  бағалау жұмыстарын бастап кетті.
Алматы қаласы Алатау ауданы №  205   ЖББ мектепте  2024 жылдың қаңтар айының   15-19 аралығында  «Озат тәжірибе-ортақ іс» атты педагогикалық іс-тәжірибе алаңын құруға арналған мектепішілік  педагогикалық конкурсының  екінші  кезеңі  «Ашық сабақ» «Менің педагогикалық идеям» тақырыбында жалғасын тапты. Осы кезең бойынша шығармашыл ұстаздардың ашық сабақтары,  түрлі әдіс-тәсіл көрсету шеберліктерімен, бағалау  мен  топтық жұмыстың әдістерін жоғары деңгейде, оқушылардың  функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталды. Жаңа инновациялық технологиялар мен әдіс-тәсілдер мен .”Wordwall», «Leaningapps” және т.б платформаларында ұштастырылған ашық  сабақтар жоғары деңгейде өтті.  Сабаққа қатысқан жас мамандар әр сабақтың КТЖ -н зерттеп,  әдіс-тәсілдерді үйреніп, күнделікті сабақта қолданамыз деп  тарасты. 
№  205   жалпы білім беретін мектепте 25.01.2023ж  күні «Озат тәжірибе-ортақ іс» атты педагогикалық іс-тәжірибе алаңын құруға арналған мектепішілік  педагогикалық конкурсының  үшінші   кезеңі жалғасын тапты. Бұл кезеңде тәжірибелі ұстаздар    «Менің шығармашылығым...»  атты  конкурста өз өнерлерін көрсетіп,  көрермендерді таңқалдырды.  Ұстаздарымыздың бірі әсерлі монолог оқыса, бірі қол  өнерімен таңқалдырса, бірі тамылжытып ән салып, кулинариялық тағамдарының дәмін татқызды.  
 «Озат тәжірибе-ортақ іс» атты мектепішілік  педагогикалық конкурсының  қорытындысы    дүйсенбі  күні  29 қаңтар күні коучингпен жалғасып , ұстаздар грамота мен сертификаттармен  мараппатталады.  Мектепте-139 мұғалім, 9 зерттеуші, 14 эксперт, 13 модератор,  22 магистр бар.