8-9 сынып оқушы қыздарымен медициналық мекемесінің дәрігер-гинекологы кездесу өткізді.
Мектепте 22 ақпан 2025 ж. 8-9 сынып оқушы қыздарымен қалалық 22 емхана медициналық мекемесінің дәрігер-гинекологы Кветкина Татьяна Анатольевнамен кездесу өткізді. Мақсаты: жасөспірім қыздармен «Репродуктивті денсаулықты сақтау» тақырыбында әңгіме жүргізді. Гинеколог қыз баланың басты мақсаты болашақта ана болу екенін, денсаулығына күтіммен қарауды түсіндіру. Кездесу барысында жеке гигиена және кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу мәселесі жайында дәріс оқылды. Кездесу барысында оқушыларға «Салауатты өмір салты (СӨС) — бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Өмір Адамның өмір салты өздігінен қалыптаспайды, ал салауатты өмір салты өмір сүру барысында мақсатты түрде қалыптасады. Бұдан салауатты өмір салтын ұстанудың қаншалықты маңызды екендігі айқын байқауға болады». Медицина – ғылым мен тәжірибе арқылы ауру-сырқаттарды емдеу, оны алдын алу, адам денсаулығын сақтау мен шама- шарқын жоғарылату, өмір сүру ұзақтығын арттыру секілді ықпалдар негізінде жасалатын дәрігерлік көмек.

