01
наурыз
2024
Алғыс айту күніне орай мерекелік іс -шара
Көктемнің алғашқы күнімен қатар келген айрықша мереке алғыс айту күні – ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық Қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Елбасының бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. Сонымен қатар, аға ұрпақ өкілдеріне, ата-ана, туыс-бауырға шынайы сезіммен ризашылық білдіретін күн.
Осы орайда №205 Жалпы Білім Беретін Мектебімізде 7 - сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен “Қазақ еліне мың алғыс!” атты ризашылық күніне арналған мерекелік концерт қойылды.
Мектебіміздің музыка пәні мұғалімдері Сабраев Болат пен Баймахан Шұға Сапарбекқызының жетекшілігімен 2-орыс сыныптарынан құралған « Веселые Дети» хоры «Когда мои друзья со мной» әнімен бастап ашқан бұл концертте талантты да өнерпаз оқушыларымыз көрініс көрсетіп,ән шырқап,күй шертіп,мың бұрала биледі.Атап айтсақ, «Жақсы адамдарым» әнімен 9 «Ғ» сынып оқушысы Дәулеткелді Мақпал, 4 «В» сынып таланты «Асыл ер» әнімен Дарханқызы Мөлдірдің орындауында әуелеген әсем ән жолданады.7 «В» сынбындағы Залозная Ксения кереметтей ұйғыр биімен дүйім жұртты сүйсіндірді.7 «Б» сынып аруларынан құралған «Шаң қыздар» күй тобы «Ерке сылқым» күйімен көрермендерді тәнті етті. Өзге ұлт өкілдерінен құралған 7 «В» сынып оқушылары көрініспен қазақ еліне алғысын білдірді.Осындай тамаша көңіл-күй сыйлаған концертіміздің соңын 5-6 сыныптардан құралған «Айналайын» хор тобы «Алғыс айту» әнімен аяқтады.Мектеп басшысы – Даулетова Гүлнар Арыстановна ұстаздар мен оқушыларға ыстық ықылас пен жылы лебіз тілегін білдіріп,«Алғыс айту» мерекесімен құттықтады! @akmurzaevakarlygash @alatau_bilim_bolimi