Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 8-НАУРЫЗ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІ
07
наурыз
2024

8-НАУРЫЗ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІ

«Ана деп ән салам» (8 наурыз - Халықаралық Әйелдер күніне арналған мерекелік кеш)

7-наурыз күні №205 жалпы білім беретін мектепте көңілдерге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып жеткен 8 наурыз – Халықаралық Әйелдер күні мерекесіне орай «Ана деп ән салам» атты мерекелік шара өтті.

Мақсаты:Өскелең ұрпақты мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, анасын сүю арқылы еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. 

Өнерпаз оқушыларымыз аналар мен аруларға арнап, ақын-жазушыларының туындыларынан үзінділер оқып, әсем әндер мен күйлер орындап, мың бұрала би биледі. Көктемнің алғашқы мерекесі аруларға, аналарға ерекше қуаныш пен шаттық сыйлады.

Мерекелік кешке келген әрбір адамның жүре­гіндегі анаға деген махаббаты мен құрметін артты­рып, бір сәтке болса да аналарын қуанту үшін әлемнің асылын сыйлауға асықтырғаны анық.