Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Үш бәйтерек: тағдыр мен тағылым» тақырыбында ақындармен кездесу өтті
13
наурыз
2024

«Үш бәйтерек: тағдыр мен тағылым» тақырыбында ақындармен кездесу өтті

13-наурызда мектебімізде «Үш бәйтерек: тағдыр мен тағылым» тақырыбында ақындармен кездесу ұйымдастырылдыБұл кездесу Алаш қайраткерлері Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров және Бейімбет Майлиннің 130 жылдық мерейтойына арналды. 

Кездесудің мақсаты — қазақтың «Үш бәйтерегі» атанған қайраткерлердің тағылымын,  қазақ әдебиетін дамытудағы еңбектерін көпке таныту.

Оқушылармен кездесуге әдебиеттанушы Мұқанов Дәурен Ғалымжанұлы мен ақын Ержан Жұмабекұлы келді.

Ержан Жұмабекұлы — ақын, PhD докторы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы, Қазақстан Жастар одағы "Серпер" сыйлығының иегері, "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының жеңімпазы, Қазақстан Жазушылар одағының, Қазақстан Журналистер одағының, Айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағының мүшесі, Абай облысы және Шығыс Қазақстан облысы бойынша өткен "Жігіт сұлтаны" байқауының бас жүлдегері, Қазақстан ұлттық арнасының тікелей эфирінде өткен "Аламан айтыс","Қазақстан чемпионаты" айтыстарының жүлдегері, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен шыққан "Шексіздік шұғыласы" және Түркиядағы "Medeniyetin Burçları" қоғамдық ұйымының қолдауымен шыққан "Sonsuzluk Şulesi" атты кітаптардың авторы, 

Мұқанов Дәурен Ғалымжанұлы әдебиеттанушыХалықаралық Жазушылар Одағының мүшесі,   публицист,  16 кітаптың авторы,  қоғам қайраткері,  аудармашы,   Д. А. Қонаев орденінің иегері,  

         Әдебиеттанушылармен өткен әдеби сазды кеш оқушылар мен мектеп ұстаздарына тағылым мол шара болды.