Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Алаш арыстарына арналған тәрбие сағаттары өтті.
16
мамыр
2023

Алаш арыстарына арналған тәрбие сағаттары өтті.

№205 ЖББМ 5-10 -сынып оқушыларына егемен ел, тәуелсіз мемлекет болу жолында өмірін сарп еткен Алаш қозғалысының қайраткерлерімен, Алаш арыстарының өмірі, қоғамдық қызметі мен шығармашылығымен тыныстырылып тәрбие сағаты өткізілді.

Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ғасырлар бойы өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы зұлмат жылдары елінің азаттығын аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу, өз елін, жерін қорғайтын ұрпақ тәрбиелеу.

«XX ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани — зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды. Олар қоғамның түрлі тарабынан шыққандар, әрі ең алдымен дәстүрлі дала ақсүйектерінің өкілдері еді. XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамында зиялы қауым қалыптасуының ұрпақтар эстафетасы сияқты сипаты болғанын атап айтқан абзал» Өткен ХХ ғасыр қазақ халқының тарихында ұлы оқиғалармен есте қалады. Сол оқиғалардың ішінде «мың өліп, мың тірілген» халқымыздың басынан өткен 1930 — 1938 жылдар ауыр да азапты кезең болды.Егемен ел, тәуелсіз мемлекет болу жолында өмірін сарп еткен Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев сынды Алаш арыстары сұрқия саясаттың құрбандары болды.

Жоспарға сай құрылған   тәрбие сағаттарын 5 «Г»,5 «В», 6 «А»,6 «Ә» 6 «В»,6 «Г»,7 «А»,7 «Б» ,7 «В»,7 «Д»,8 «А»,8 «Ғ»,8 «В»,9 «А», 9 «Ә», 9 «В»,10  А «Б»  сыныптары өткізді..

Алаш арыстары:Ахмет Байтұрсынов,Әлихан Бөкейхан,Міржақып Дулатов сынды нар тұлғаларымыздың өмірінен сыр шертті.IED экран арқылы танымдық видео сабақтар таныстырылды.Ахмет Байтұрсыновтың түрмеде отырып шығарған арнау өлеңдерінің аудиожазбасын тыңдады.Попс формуласы арқылы азаттық аңсаған Алаш ардақтыларына деген өз көзқарастарын білдірді.