Жүсіпбек Аймауытұлының 135 жылдық мерейтойы
«№ 205 жалпы білім беретін мектебі» КММ
Жүсіпбек Аймауытұлының 135 жылдық мерейтойына орай өткізілге тәрбие сағаттары туралы мәлімет
«Бір тұтас тәрбие бағдарламасы» жобасы аясында № 205жалпы білім беретін мектебінде Жүсіпбек Аймауытұлының туғанына – 135 жыл толуына орай, наурыздың 13-і 5-11 сыныптар арасында тәрбие сағаттары өткізілді. Қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицистің өмір жолын бүгінгі ұрпаққа насихаттау, тағылымын тарату өте маңызды. Өйткені Жүсіпбек Аймауытұлының әр туындысы патриоттық сезім, күрескерлік рухқа толы. «Ол поэзия, проза, драматургия, публицистика, сын жанрларында жаза отырып, қазақтың қамы мен қасіретін астарлап жеткізе білген қаламгер», - дейді зерттеушілер. Осы орайда оқушылар тарихи тұлғаны дәріптеу мақсатында постерлер қорғап, шығармаларын талқылап, интерактивті тақтадан бейне роликтер қарады.

