01
сәуір
2024
«Каникулда кітап оқимыз» атты республикалық марафон өткізілді
2024 жылдың 21-31 наурыз күні аралығында №205 жалпы білім беретін мектептің 2-11 сынып оқушылары үшін «Каникулда кітап оқимыз» атты республикалық марафон өткізді.
Мектеп кітапханашылары мен сынып жетекшілер 2-11 сынып оқушыларының каникулда кітап оқуы мен марафонға қатысуын ұйымдастырды. Атап айтсақ 2 «Б», 4 «Ғ», 7 «А», 7 «Ә», 8 «Ғ», 9 «Ә», 10 «А» сынып оқушылары марафонға белсене ат салысып, сертификаттармен марапатталды. Оқушылар келесі турға дайындық жасауда.
Мақсаты: Оқушылардың көркем әдебиетті оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.

