Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығына орай өткізілген тәрбие сағаты
Біртұтас тәрбие бағдарламасының іс- шара жоспары бойынша Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығына орай «Бала жанының бағбаны» атты ақпараттық сағат өткізілді. Оқушыларға ақын өмірі жайлы мәліметтер берілді, "Шуағын шашқан ақын" кітап көрмесі таныстырылды, ақын өлеңдері мәнерлеп оқылып, жұмбақтар шешіп, жаңылтпаштар айтылды.
Мұзафар Әлімбаев 29 қазанда 1923 жылы Павлодар облысы Шарбақты ауданы Маралды ауылыда туған. Екінші дүние жүзілік соғысқа қатысқан.
М. Әлімбаевтың 300 - дей өлеңіне ән жазылған, бірнеше ән кітаптары шыққан.
1953 жылы «Менің ойыншығым», 1959 жылы «Отпен ойнама», 1962 жылы «Орақ - олақ», 1977 жылы шыққан «Шынақсаң шымыр боларсың» деген кітаптары қазақ балалар әдебиетіне қосылған елулі үлес болды. Ақын атамыз қазақтың бір туар ұл - қыздары туралы естеліктер жазып, көптеген өлеңдер шығарған. Осы жазған өлеңдерінің шумақтарын оқушылар оқыды.
